Қаз

lat: Qaz

зат. көне. Мəслихат, жиын.

Мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызды мəселелер бүкіл ел басшылары қатысқан жиында шешіледі. Осы ұлы нөпір жиынды «қаз» деп атайды. Қаз бүкіл қазақ елінің бас қосқан кеңесі (Аңыз адам, 2011, №19, 34).

Көрші елдермен соғысу не одақтасу, не мойынұсыну т.б. тек қаздың деңгейі арқылы жүзеге асырылады (Бұл да).

Қаз бекітпесе хан мен сұлтан болса да биліктері заңсыз деп саналады (Жас алаш, 10.09. 2005, 4).