зат. этн. Бір топ бала алаңға жиналып ойнайтын ойын. Қашықтығы 50-60 м-дей жерге екі шеңбер сызады. Қояндар бір шеңберде тұрады. Бір бала «тазы» болып, 3-4 м-дей жерге орналасады. Қояндар бір қоршаудан екінші қоршауға қашқан кезде жолдан ұстайды (Ойын-сауық, 155).