Қайта-қайта қонақ болды, дәмге шақырған жерге бара берді. Соның себебінен біреуіне біреуі қонаққа барғыштап, аңға бірге шыққыш боп және ауданды жерде әсіресе қатты жайылып бара жатқан қырсық карта үстінде, преферанс дейтін дерттің үстінде ұшырасулар көп болады дегенді айтысты (М.Әуезов, Шығ.). Ол екеуі ниеттес... бірінің үйіне бірі қонаққа барғыштап, араласып тұратын сыйлас көрші-ді (З.Шашкин, Сенім).