Құмды шөл

lat: Qumdy shól

геогр. Бетін құм басқан шөл. Желдің күшімен құмдар бір орыннан екінші орынға көшеді немесе оларды өсімдіктер бекітіп тұрады. Сөйтіп, құмды шөлдердің формалары пайда болады. Мұндағы өсімдіктер қой, ешкі, түйеге азық болады (Физ-қ геогр. терминдері мен ұғым-ң ор.-қаз. анықт. сөзд.).