Қызылқұйрық

lat: Qyzylquıryq

зат. зоол. Басының екі жағы қара, құйрығы қызыл түсті кішірек құс.

Қызылқұйрық көктемде бұл атырапқа алдымен келіп, əбден қоңыр күзде құстардың ең соңынан кетеді (К.Баялиев, Дегелек келді., 88).

Қызылқұйрық Алматы обл. Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы жалпақ жəне қылқан жапырақты ормандарда тіршілік етеді (Қаз. табиғ., 3, 222).

Шыршалы орман ішін бүкіл жыл бойы самырсын құсы, шырша торғай, қызылқұйрық қоныстайды (Жетісу, 15. 02. 1972, 5).