РУДНИК

lat: RÝDNIK

зат. Бір не бірнеше шахтадан (карьерден) және жер үстіндегі әртүрлі цехтардан құралған тау-кен кәсіпорны; кен шығаратын жер.

Бір күні “Әлжан орнынан алынып, Қарағанды маңындағы бір рудникке қатардағы инженер болып кетіпті” деген хабар естілді (І.Есенберлин, Шығ.).

Бірақ рудник бастығы Қайсардың қылығын байқап қалса да, мән бермеген түр көрсетіп, сәл кібіртіктей сөзін жалғай берді (І.Есенберлин, Шығ.).