lat: RÝLYQ
сын. Руға қатысты, руға тән, ру шеңберіндегі.
Сонымен бірге, ұрпақаралық этникалық тәжірибенің де қордаланып, уақыт талабына сай сұрыпталып таралуы, түптеп келгенде, осы рулық қауымның деңгейінде жүзеге асып отырды (Н.Әлімбай, Гуманитарлық ғылымд. академ.).
Бұл іспеттес құбылыстарға ұлттық сана мұнарасынан қарап күрес жүргізбесек, тоғышарлық, рулық сана шеңберінен шыға алмаймыз (“Қаз. әдеб.”).
Адат – ақсүйектер мен байлардың артықшылық жағдайын заң есебінде дәріптейтін рулық және феодалдық құрылыстың сарқыншағы (Саяси сөздік).
Наурызбай батыр өмір сүріп, еліне еңбек еткен заманда батырлықтың негізгі өлшемі батырдың өз руы мен тайпасын қорғауы емес, жалпы қазақ елін, кең байтақ отанын қорғауы болды. Сол сияқты Бұқар сияқты кемеңгер жырау толғауы мен Төле сияқты ұлы би көсімінде жалпыұлттық мүдде рулық, жүздік мүдделерден жоғары қойылды (“Жұлдыз”).