lat: RÝNA
1зат.лингв.
1. Германдықтарда ІІ-ІІІ ғғ. кейінгі орта ғасырларға дейін қолданылған тасқа, ағашқа, металға ойып жазылған көне жазу. Сол сияқты көп уақытқа дейін герман, тіпті славян тайпалары әртүрлі таяқша алмасып, сондағы белгілерге қарап, бір-біріне не демек екендерін білген. Бұл руна (киелі) жазу аталған. Қазіргі қазақтар оны сына жазу дейді (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).
2. V-VІІІ ғғ. Енесай, Орхон өзендері, Талас өңірінен табылған тасқа қашалған тік сызықты көне жазудың жалпы терминдік атауы; көне түркі жазуы.
Көне түркі руналары мен араб алфавитінің арасындағы таңбалар тәрізді (М.Мағауин, Көк мұнар).
Ғылымда «айтқаны келіп, атқаны тиген» еуроцентристік көзкарас өкілдері қалыптастырған «ежелгі төрүк руна жазуы әуелі Енесайда туып, бір мезгілде Орхон бойына, Қазақстан мен Орта Азия өлкесіне тарады» деген консервативтік сірескен ойлау жүйесінің дәйексіздігін жоғарыдағы қысқаша ғана талдау мүлдем жоққа шығарып тұр («Жас Алаш»).