lat: R
лингв.1. Тіл алды діріл дауыссыз дыбыс.
Міне, енді сол екі елі маңдайы қыртыс-қыртыс, мойны қатпар-қатпар шілмиген, “р”-ға тілі келмейтін кекеш Нәзира қызыл-ала көйлек, оның сыртынан кір-кір ақ халат киіп, астынан ақ құйқасы көрінген селдір шашын бастыра көкшіл орамал тартып алған (М.Сүндетов, Бесқонақ).
2. Осы дыбысты белгілейтін қазақ әліпбиіндегі әріп таңбасы. Бала үшін ең қиыны «р», «л», «ж» әріптері ғой (Бәйшешек).