РАДИОАКТИВТІ

lat: RADIOAKTIVTİ

сын. Радиобелсенді. Радиоактивтілік қасиеті бар.

Радиоактивті заттармен істес болғандардың да саусақтарының ракка шалдыққаны ғылымда белгілі болып отыр (М.Қайрақбаев, Рактан. сақтан.).

Орнықты ядролардан басқа сыртқы әсердің ықпалынсыз-ақ өздігінен ыдырайтын немесе тез бөлінетін радиоактивті ядролар да табиғатта жиі кездеседі (ҚСЭ).

Пайдалы қазбалар: металды (қара, түсті және асыл металдар рудалары, радиоактивті және сирек кездесетін элементтер, бейметалды (өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар), жанғыш (көмір, жанғыш сланецтер. Торф және т.б.) пайдалы қазбалар және құрылыстық тау жыныстары болып бөлінеді. (Т.Қалыбеков. Экология және ашық кен).