РАДИОАКТИВТІЛІК

lat: RADIOAKTIVTİLİK

зат. Кейбір химиялық элементтердегі атомдық ядроның күшті жарық (сәуле) шығару арқылы ыдырауы, өздігінен түрленуі.

Полоний мен радийдің, яғни бұл екі элементтің сәулелену құбылысы радиоактивтілік деп аталады («Қазақст. мект.»).

1898 жылы олар сәуле шығаратын жаңа элемент полонийді және екінші активті элемент радийді ашады. Мария Кюри-Складовскаяның ұсынысы бойынша бұл жаңа құбылыс радиоактивтілік деп аталды («Қазақст. мект.»).

Полонийдің көптеген қасиеттері радиоактивтілігі жөнінен уран тобындағыларға жақын. Таза күйінде осы күнге дейін бөлініп алынған емес (А.Мырзабаев, Хим. қызығы).