lat: RADIOQABYLDAǴYSH
зат. Радио-сигналдарды қабылдауға және олардағы хабарды тыңдауға мүмкіндік беретіндей етіп жасалған аппарат.
Бір күні бөлмеге кіріп келсем, ол радиоқабылдағышын айналдырып жатыр екен (Б.Момышұлы, Шығ.).
Қайсар екеуміз бірігіп бір тамаша радиоқабылдағыш әкелдік (I.Есенберлин, Алтын құс).
Петька ақшам үйіріле үйдің астын асықпай жүріп тексеріп, радиоқабылдағышты орнататын жерді де тапты (Ә.Шәріпов, Қапаста.).
Дұрыс қосылмаған кезде люминесцентті шамдар радиоқабылдағыш пен телевизор жұмысына кедергі келтіреді («Шаңырақ» энцикл.).