lat: RADIOTARATQYSH
зат. Радиожиілік диапазонында модуляцияланған электрлік тербеліс тудырып, таратуға арналған құрылғы (немесе құрылғылар жиынтығы).
Радиотаратқыш радиотолқындар арқылы ақпарат тасымалдаушы байланыс жүйесінің маңызды бөлігі (ҚҰЭ).
Кез келген Радиотаратқышта тұрақты немесе айнымалы ток көздерінің энергиясы жоғары жиілікті электр тербеліске түрлендіріледі де, хабар таратушы сигналдың ерекшеліктеріне сәйкес өзгертіледі, яғни модуляцияланады (ҚҰЭ).
Самолет моторының үнімен жарыса бар даусымен “Елім-ай” әнін шырқаған қазақ батыры қуаныш үстінде Радиотаратқышты айырып тастауды есінен шығарып алса керек (С.Ақатай, Інжу-маржан секілді.).