lat: RADONDY
сын. Құрамында радоны бар, радонданған
Бұлақтың негізгі емдеу факторы – көмір қышқылды, радонды су (ҚСЭ).
Көмір қышқылды, тұзды-сілтілі және радонды шипалы сулары бар 143 бұлақ жұмыс істейді (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).
Еріген газдардың құрамына қарай жер асты сулары көмір қышқылды, күкіртсутекті, радонды болып бөлінеді. Бұл сулардың көбінесе емдік мәні бар (К.Сапарбайұлы, Геология және гидрогеология негіз.).