РАМАДАН

lat: RAMADAN

 зат. діни. сөйл. Рамазан. Ертедегі арабтарда рамазан (арабша рамадан) айы шаруашылыққа қолайсыз, ыссы шілде айына келетін (Х.Ақназаров). 

рамадан арабша күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай (Т.Жанұзақов).

Жылдың өте ыстық айы рамаданда  күндіз жұмыс істеу өте қиын тиген (Қ.Шүлембаев, Ислам діні.).

Түркияда ондай ұл туса жылма-жыл өткізілетін рамаданнан да қасиетті мейрам дүниеге келер еді (С.Бердіқұлов, Жұмыр.).