РАС

lat: RAS

зат.1. Өтірік емес; ақиқат, шындық; дұрыс, тура, оң.

Алғаш жоқ боп кеткен 29-шы жылында бір қыстың ішінде әрі Сибирь, әрі Ташкент маңын бір-бір сүзіп шыққаны рас болатын (М.Әуезов, Шығ.).

, 0, 0); font-family: "Open Sans",sans-serif; font-size: 14px; font-style: normal; font-variant: normal; font-weight: bolder; letter-spacing: normal; orphans: 2; text-align: left; text-decoration: none; text-indent: 0px; text-transform: none; -webkit-text-stroke-width: 0px; white-space: normal; word-spacing: 0px;">Рас шығар... Бақытсызбын демеймін. Дау айта алмай тамағымды кенеймін. Алайда жұрт аңғарса ғой, Білсе ғой Ар жағында не жатқанын көмейдің (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.). Р а с т ы ң бір аты хақ (Абай, Тол. жин.).

2. Шыным, шын айтамын деген мағынадағы модаль сөз. Бағасы бір халқыма Жабағы мен мамықтың. Нанбайды, , 0, 0); font-family: "Open Sans",sans-serif; font-size: 14px; font-style: normal; font-variant: normal; font-weight: bolder; letter-spacing: normal; orphans: 2; text-align: left; text-decoration: none; text-indent: 0px; text-transform: none; -webkit-text-stroke-width: 0px; white-space: normal; word-spacing: 0px;">рас , антыма Кәдірі мол танықтың (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Рас, шын айтам, Апам бұл дүниеде жалғыз рет дәрігерге, болмаса бақсыалгерге қаралмай, сау-саламат өте шықты (О.Бөкеев,Ұйқым келмейді).