lat: RASIONAL
сын.мат. Бүтін және бөлшек, оң және теріс (сандар).
Алайда иррационалдықтың ашылуы, яғни рационал сандар арқылы кескінделмейтін математикалық объектілердің болуы, енді ол әдістерді таза ғылыми математика тұрғысынан жарамсыз етіп тастады (А.Көбесов, Математика тарихы).
Біздің қазіргі рационал сандарымыздың орнына – өлшемдес кесінділердің қатынасы, ал иррационал сандарымыздың орнына өлшемдес емес кесінділер қатынасы алынған (А.Көбесов, Математика тарихы.).