lat: REAKTOR
зат.хим.[фр.reacteur] Әртүрлі типтегі химиялық реакциялар негізінде жұмыс істейтін қондырғы.
Қазақстанда шапшаң нейтрондармен жұмыс істейтін дүние жүзіндегі ең ірі реактор қатарға қосылды («Қаз. әдеб.»).
1973 жылдың июлінде Маңғышлақта дүние жүзіндегі тұңғыш шапшаң нейтронды атом реакторы іске қосылды («Қазақст. әйелдері»).
Адиабаталық процесс – термодинамикалық жүйе мен сыртқы қоршаған ортада жылу алмасуын болдырмайтын реактор; изотермиялық реактор – тұрақты температуралық процесс өтетін реактор; үзіліссіз реактор – тиеу және түсіру процестері үздіксіз жүргізілетін реактор; хемоядролық реактор – ядролық энергияны химиялық энергияға тікелей айналдыруға арналған реактор (Қаз. тілі термин. Химия).