lat: REALIZM
[лат.relis]зат.әдеб. Әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс.
Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады (ҚҰЭ).
Реализм сол XIX ғасырдың ортасында туып, ер жетіп есіп, қазіргі біздің уақтымызға шейін көркейіп, жер дүниеге жайылып келді (С.Сейфуллин, Шығ.).
Реализм – искусство мен көркем әдебиеттің негізгі методының бірі. (Қ.Жұмалиев, Әдеб. теор.).
Реализм термині 19 ғ. 20 ж. пайда болып, оның маңызды осы ғасырдың ортасына қарай күшейе түскенмен, реализм өмір шындығы ретінде түсінудің ұзақ тарихы бар.Реализм теориясы Аристотельдің «мимесисті» табиғатқа еліктеу ретінде түсінуінен бастау алады деп топшылайды (Мәдени-филос. энц. сөзд.).