РЕФЕРЕНДУМ

lat: REFERENDÝM

зат.қоғ-саяси. Дауыс бергізу арқылы төтенше маңызды мәселе туралы халықтың пікірін білу әдісі.

Жаңа конституцияның жобасы жөнінде 1969 жылдың алғашқы алты айы ішінде референдум өткізіледі («Соц. Қаз.»).

Референдум сайлау правосы бар барлық азаматтардың дауыс беруі арқылы ерекше маңызды мәселелер жөнінде халықтын пікірін анықтау (Саяси сөздік).

Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (ҚР Конституциясы).