lat: REFLEKTORLYQ
сын.физ. Рефлекторға қатысты, соған тән.
Егер адамды дауыстап шақырса, ол дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрады. Бұл қимылды тудыратын еттердің жиырылуы да нервтің қозуы әсерінен рефлекторлық түрде жүреді (Адам анатом.).
Тітіркенген жерден бастап, ол тітіркенуді орталық нерв жүйесіне апаратын, одан кейін жұмыс органына қоздыру процесін жеткізетін жолды рефлекторлық доға деп атайды (М.Қайрақбаев, Ескерме.).