РЕСМИ

lat: RESMI

сын.Айрықша, ерекше, арнаулы.

Бізде істейтін ресми жоғары білімі жоқ бір қарт мұғалім сөз болды (Қаныш аға).

Мен Зейін Шашкиннің “Темірқазық” повесін оқып шықтым. Сіз ол кітаптың ресми редакторы болғанмен, аудармашының жұмысын істегенсіз (Біздің Мұхтар).

Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (ҚР Конституциясы).

Ресми идеологияға қайшы келеді-ау дейтін көркем шығарма не ғылыми еңбек жарияланбайтын, кинофильм немесе спектакль көрсетілмейтін; еңбекші бұқараның санасына салқыны тимес үшін қия бастыртпайтын (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).