РЕССОР

lat: RESSOR

зат.техн. Машинаның, вагонның және арбаның доңғалақтарының үстіңгі жағына орнатылған серіппелі темір тетік.

Бірер сағатта оралам ғой деп еді, бірақ жолда машинаның рессоры сынып, далада бір күн жатты (С.Досанов, Қыран.).

Астындағы машинаның рессоры солқылдап, шаңға белшесінен батып келеді (О.Сәрсенбаев, Бақыт.).