РЕТ

lat: RET

1зат. 1. Белгілі бір нәрсеге тәртіп, қатар.

Сендер, президиум мүшелерінің ортасында бір-бір бос орын қалады, соған отырасыңдар, қай ретте отыратындарыңды кезінде айтармыз (Қ.Байсейітов, Құштар.).

Осы ретпен кешкі ауыл тіршілігі өзгеден ерекше өзіне ғана тиісті болған жарастығына ауысып еді (М.Әуезов, Шығ.).

Ақырында арттағы реттен бірнеше дауыс: Үш кісі сөйлейді… Үш кісі сөйлейді… қайда әлгі кісілер, деп шу-шу етті (М.Әуезов, Шығ.).

2. Бір нәрсенің жөні, жүйесі.

Істің басы Ретін танымақтық Иман білмес тағатты қабыл демек (Абай, Тол. жин.).

Біз айына төрт рет, демек апта сай жиналып, тындырылған шаруа жайында есеп беріп отыратын едік («Жас Алаш»).

ә) Істің жөні, ыңғайы. ШідербайРетін қалай тауып жібердім!” деген кісіше, мұртынан бір жымиып, “пәледен” тезірек құтылғалы: “Қатын,тұр, аяқ жуғыз, қымыз құй мына кісіге”, дей бастады (Ж.Аймауытов, Шығ.).

// Қайтара, мәрте. Мен Садықтың өлгенін дәл сол сағаттағысындай толқи айтып отырғанымда, ол “Көрдің бе, менің ағамның кім екенін” дегендей күйеуіне көзінің астымен бір-екі рет  тәкаппарлана қарап та қойды (І.Есенберлин, Шығ.).

Сонда Қаныш Имантайұлының қабылдауында талай рет болғаным бар (Қаныш аға).