lat: RETTEÝ
Ретте етістігінің қимыл атауы.
Экспонаттарды соңғы бір реттеуде музей қызметкерлері жаңылып, тас этикеткасын ауыстырып алған деп түсіндіріпті (Қаныш аға).
Ертеңгісін дүкеніне келіп есеп-қисапқа кіріскен Айжан тыным-тыныштық таппай, шаң басқан ескі киім-кешектерді аудара отырып бір мігірі болмаған: түскі де, кешкі де тағам жайын Майра ойлап, бұл алдына қойған асты да құлықсыздау ішіп, тексерілген заттарды реттеумен жүрді (М.Сүндетов, Бесқонақ). Мұнда организмнің тамаша өзін-өзі реттеу қабілеті барлығы байқалады (Жалпы биология).
Біз көтеріп отырған екінші мәселе — несиені реттеу. Ұлттық банк коммерциялық құрылымдарға, ұйымдарға және банктерге несие беруді тоқтатуы қажет деп есептейміз («Ақиқат»).