РЕВОЛЮЦИЯ

lat: REVOLÚSIaÁ

зат.1. Төңкеріс (Дәурені өткен қоғамдық және саяси құрылысты жоюға және жаңа прогрестік қоғам орнатуга әкеліп жеткізетін, қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс).

Революция  толқынымен оянған ақ көңіл, ару жұрт жаңа тіршілік жасау жолында малын да, басын да, дүниесін де аяп қалған жоқ іздің Мұхтар).

Революция дәуірінің көркем шежірес і іспеттес “Тар жол, тайғақ кешу” романында ән-күй дерегін де жиі кездестіреміз (ҚӘ).

Барсам, оның ашық салонында қартаңдау келген бір адам революцияның қалай болғанын, Қазақ республикасының қалай құрылғанын жиналған адам тобына әңгімелеп айтып тыр екен іздің Мұхтар).

1917 жылғы Ақпан революциясы жеңіске жетісімен қазақтың ұлттық қозғалысы басшыларынын халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болып отырған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қарсы келген жоқ («Жалын).

2.ауыс. Прогрессивті дамуға ықпал жасайтын әрекет.