lat: REZEŃKE
зат.1. Каучукты вулкандау жолымен алынған иінді материал.
Резеңке бұйымдарын желімдеуге «Клей 88», «Феникс», «КС», «Резеңке желімі» қолданылады («Шаңырақ» энцикл.).
Өндірілетін резинаның көбі автомобиль өнеркәсібінде, сондай-ақ, самолет, мотоцикл және велосипед шиндерін, транспортер лентасын, резина түтіктер, аяқ киім, гигиеналық жабдықтар т.б. бұйымдар дайындауда қолданылады (ҚСЭ).
Пәндеден ол ұстаның өнері жат, Ұстаны мақтады екен, Шам мен Бағдат. Хайламен неше түрлі жел кірдіріп, Жасады резеңкеден бір ағаш ат (Ә.Найманбаев, Шығ.).
2. Каучукты вулкандау жолымен алынған материалдан істелген нәрсе.
Отырғандардың көбі туғалы резеңке етік кимегендер (С.Сейфуллин, Шығ.).
Шоқанның ауыл балаларына қаладан ала келген бір жаңалығы резеңке допты ұрып ойнау болды (С.Бегалин, Шоқан асу.).
Жұмысқа жарамайтын көтерем тұтқындардың неміс надзирательдерінің резеңке таяғы ысылдап кеп арқасын осқанда, ауыр зембілді көтерем деп, орындарынан сүйретіле барып тұрғанын талай көрдім (І.Есенберлин, Шығ.).