РИТМ

lat: RITM

зат.муз. Музыканың, бидің, жұмыстың ырғағы, үйлесімі.

Ритм ырғақ бір такт ішіндегі әр түрлі ұзақтықпен кездесетін үндердің белгілі мерзімде алма-кезек ауысып отыруы (К.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөздік).

Мұнда музыка ас-паптарының үніне, ритмнің өзгеруіне, музыкалық тақырыптардың ауысуына назар аударылады («Қазақст. мұғ.»).

Оның қимылдарының бәрі белгілі ритмге бағынып, станокты билеп алғанын байқаймыз (Е.Байзақов, Еңбек.).