РОМ

lat: ROM

ром спиртінен әзірленетін күшті ішімдік. Ром спирті қант қамысының (тростник) ашытылған шырынынан алынады. Ромды өндіру процесі қамыстың сабағын тураудан басталады. Суға араласып ұсақталған қамыстан тәтті шырын пайда болады. Ары қарай шырын сүзіледі. Содан кейін құрамындағы артық судан арылу үшін және микробтарды жою үшін вакуум аппаратта қайнатылады. Мұның нәтижесінде шырын қою массаға айналады да ашытылады. Ол үшін арнаулы ыдысқа салынған шырын, ашытқы және жұмсартылған ыстық су құйылады. Ашытылу мерзімі 20-25 тәулікке созылады. Бұдан ром спирті фракциялық аппарат арқылы бөлініп шығарылады. Бөлініп шыққан сұйықтың күштілігі 60 %-дан төмен болмауға тиіс. Сапасы жоғары болу үшін спиртті еменнен жасалған ыдыста кемінде бір жыл сақтайды. Сақталу мерзімінен кейін оған арнайы дәм беру үшін күйдірілген қант қосады.