lat: ROMANTIKALYQ
зат. Асқақ арманшылдық, қиялшылдық.
Ыстық сүйіспеншілікпен, бәрін қамтығыш психологиялық тереңдік шеберлікпен, қоғамдық зор тұлға дәрежесінде суреттелген Абай образы көпшілікке қимас туыс, сырлас жақын болуымен бірге, оның бүткіл лирикасына мерейлі ықылас туғызып, түбегейлі назар аудартты, оның ақылгөй қара сөздеріне, романтикалық поэмаларына ынтықтықты күшейтті (Біздің Мұхтар).
Романға романтикалық пафос қажет («Қаз. әдеб.»).
Мақала авторы романды талдағанда аса бір нәзік сезіммен кейпкерлер образының романтикалық бояуын ерекше атап көрсетеді, кейпкерлер харекеті мен оқиғаларға әсерлі теңеулер келтіреді (Қаныш аға).