РОТА

lat: ROTA

зат.әск. Жаяу әскер, танк, механикаландырылған, инженерлік, байланыс т. б. бөлімдердегі негізгі әскери бөлімше.

Қуанның ротасына Даугава өзенінен сыбдыр-сыбыссыз түн жамылып өту тапсырылды (М.Сүндетов, Бесқонақ).

Жолдас дәрігер, мен ротама барайын, дедім (М.Ғабдуллин, Ел намысы.).

Мәлік саяси жетекші болып қызмет атқарған рота өзеннің шығыс жақ қабағында взвод-взвод болып қанат жая орналасқан-ды (Қазақтар хақында).