РҰҚСАТ

lat: RUQSAT

зат. Біреудің тарапынан екінші кісіге берілетін ризалық, келісім.

Қақпаның ар жағынан біреу келді, Күзетшісі сол екен, дыбыс берді. – Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ, Бұл – Құдайға бастайтын қақпа, – деді (Абай, Тол. жин.).

2, 3 һәм 8-нші ауылдың қазақтары уақ қарыз серіктігін ашуға рұқсат  алып, серіктікке «Қой-айдаровский» деп есім берілген, Инспектор осы уақ қарыз серіктігін ашуға келген еді (М.Дулатов, Шығ.).

Ояздан рұқсат  ап Балуан Шолақ тысқа шықты (С.Мұқанов, Шығ.).

Қыз айтты: «Енді сенде менің еркім, Жан-тәнім, жолыңызға болсын көркім. Бірінші сізден бұрын жолығысуға, Бар еді бір жігітке берген сертім, рұқсат  сізден егер болған болса, Шығарып хош айтайын соның дертін» (Ә.Найманбаев, Шығ.).