lat: Redýksıa
зат.1.биол. Дене мүшелерінің күрделіліктен қарапайым түрге қарай дамуы, шөгуі.
Кейбір өсімдіктердің тегінде алғашқы замандарда болғанымен, кейін келе жөнді жетілмей, бірте-бірте қызметінен айрылған органды редукция дейді (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
2.[лат.redustio]лингв.
Екпінсіз дауысты дыбыстардың әлсізденуі. Буын түрлерінің айтылу сазына қарай дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Әдетте редукция құбылысы дауысты дыбыстарға байланысты болып келеді (Қаз. тілі энц.).
Қазақ тілінде көбінесе ұ, ү, ы, і дауыстылары көбірек редукция ұшырайды (Қаз. тілі).
Шындығында, қазақ (түркі) тілінде редукция құбылысы сөз құрамындағы ашық, жабық буындардың айтылу сазына байланысты (Қаз. тілі энц.).