РЕДАКЦИЯ

lat: Redaksıa

зат.1. Кітап, газет, журналдарды, басқа да баспа материалдарын өндіріске әзірлейтін ұжым мекеме.

Біз сол жолы көптеген жаңа достар тауып қайттық. Баспа орындарында, үлкен журналдар редакциясында кездесулер өтті (Біздің Мұхтар).

Оқымаса, тек осы материал бойынша газет редакциясына үш мыңнан аса хат түсе ме?! (Парасат).

2. Редакторлық ұжым орналасқан үй.

Сабақтан кейін редакцияға келсем, Бейімбет барлық бөлім бастықтары мен әдеби қызметкерлерді жинап алып, кеңесіп отыр екен (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).