lat: Reformasıa
зат. XVI ғасырда Батыс Европада шаруалар мен жаңа туып келе жатқан буржуазияның феодалдық құрылысқа қарсы күресі негізінде басталған және католиктік шіркеу мен папашылдыққа қарсы діни күрес формасына көшкен әлеуметтік саяси қозғалыс.
XVII ғ-дан бастап Австрия реформацияға қарсы қозғалыстың тірегі болды (ҚСЭ).
Католик шіркеуі мен папашылдыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси реформация деп аталатын қозғалыс туды (3.Ақназаров, Ғылыми атеизм.).