РЕЖИССЕР

lat: Rejıser

зат.өнер.Сахнада драмалық немесе музыкалық шығарманы қоятын театр қызметкері, көркемдік жағын басқарушы, ұйымдастырушы.

Жас режиссердің басшылығы шығармашылық ұжым үшін тәжірибе алмасудың, өнер адамдарының сахнадағы еңбегін түрлендірудің жолын ашты («Қаз. әдеб.»).

”Өмір не өлім”, “Менің құрдастарым”, автор мен режиссерлердің ынтымағын күтіп отырған бүгінгі күн тәртібіне сай келетін шығармалар тәрізді (Қаныш аға).

Мұхтар бұл спектакльдің әзірленуіне аса ыждағаттықпен қарады. Режиссерге де, актерлерді іріктеуге де, декорацияға да аса күшті талап қойып отырды (Біздің Мұхтар).