РЕЖИССЕРЛІК

lat: Rejıserlik

зат.Режиссерға тән, режиссерға қатысты.

Дыбыстардың музыкалық құдіреті, мүсіндік тұлғалардың символикалық сыры, сәулелердің сиқырлы бояуы, актерлік шеберліктің құпиясы, режиссерлік шешімнің қырлары жөнінде жиі жазыңдар, деп шешен тілмен шерте жөнелді (Біздің Мұхтар).

Режиссерлік  өнер өзінің ой-қиялымен пьесаны немесе сценарийді, опера я балетті талдап түсіндіре отырып, бүкіл ойын-сауыққа қатысушылардың творчестволық еңбегін эстетикалық тұрғыдан біріктіреді (ҚСЭ).

Режиссерлік жұмыста Серке өз жолын қармалап жүріп тапқандай еді (Қазақтар хақында).