РЕКВИЗИЦИЯ

lat: Rekvızısıa

зат.1. Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін мүлікті меншік иесінен алу тәсілі.

Қазіргі мезгіл елге тегіс ауыр тиген 16-жылдың реквизициясы күшіне әбден келіп, дегенін істетіп жатқан кез болатын (М.Әуезов, Қараш.).

Бандаларды ығыстыру үшін реквизиция жасаймыз деп, мал-мүлкін есепке алуға уезден бұйрық келді (С.Мұқанов, Өмір мектебі).

2. Құнын төлей отырып, мемлекеттің немесе қоғамның мүддесі үшін меншік иесінің мүлкін мемлекеттің алып қоюы.

Мәселенки, табиғи апат, індет, соғыс, т.б. тәрізді төтенше жағдаяттар кезінде азаматтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың азық-түлік өнімдері, киімдері, құрылыстары, көлік құралдары, т.б. реквизицияға ұшырауы ықтимал (Заң термин. түс. сөздігі).