lat: Renesans
зат. Қайта өркендеу дәуірі.
Мағжан – ренессанс дәуірінің ақыны. Біз көрген ел мен жер, тіпті ақын экологиясын Мақаң топшылағаны болмаса, көзбен көрген жоқ («Қаз. әд.»).
Уәлихановтың Орта Азия ренессансы хақындағы кең толғамды пікірлеріне назар аударғанда, Шоқан Фараби идеялары мен ілімдөрімен таныс болды деп тұспал жасауға болады (Ж.Бейсебаев, Шоқан ізі.).
Ренессанс дүниетанымы антропоорталықтық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы – адам, ал Құдай – барлық заттардың бастауы Қоғам – адамдар әрекетінің нәтижесі (Мәдени-филос. энц. сөзд.).