lat: Rezervasıa
[лат.reservo]зат.
Белгілі бір елдің байырғы халқын күштеп қоныстандыру үшін бөлінген, тіршілік етуге қолайсыз аймақ, АҚШ, Канадада үндістерге, Австралияда – аборигендерге, Оңтүстік Африка Республикасында – африкалықтарға арналған (Қ.Құрманов, Физ. геогр. термин. мен ұғымд. ор.-қаз. анықт. сөздігі).
Сонда сен бізге резервацияларға қуылған индеецтердей қойдай шұбыртып, айдап апарғанын күт демексің бе? (I.Есенберлин, Қатерлі өткел).
Резервациялар – Солтүстік Америкадағы, оңтүстік Африка мен Австралиядағы империалистік үкіметтер жергілікті халықты мұқтаждыққа кіріптар етіп құрту үшін, оны көшіріп айдап салатын аудандар (Саяси сөздік).
Әп-сәтте аспаннан түсе қалған ырғын байлықтың буына мастанған “Новое поколение” қозғалысындағылар өздерін Қазақстанның Рокфеллер, Моргандарындай сезініп, қалған қазақ халқы Америкадағы бейшара үндістердей резервацияда өмір сүрсе екен деген шығар сонда («Дала мен Қала»).