РОМБИК

lat: RombIK

зат. Қарама-қарсы екі бұрышы сүйірлеу келген төрт бұрышты қиықша, ромб.

«Мынау қыздармен хат жазысатын номерің» деп, он жеті деген жазуы бар ромбик типтес жасалған қағазды кеудесіне тақты (Т.Нұрмағамбетов, Қош бол.).

Кейбіреулердің көңіліндегі ой жұрт қатарлы «омырауға ромбик қадап, қалтаға диплом салып алу» («Лен. жас»).