lat: SÁÝLELENÝ
Сәулелен етістігінің қимыл атауы.
1. Сәуленің шағылысуы.
Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап тұрған бет алысы – көздің торлы қабығында сәулеленумен бірге, дене қозғалысының жағдайына да байланысты (К.Жарықбаев, Психология).
2. Ионданған сәулелердің зиянды әсеріне шалдығу.
Бірінші дәрежелі қатты сәулелену ауруында сәулеленудің алғашқы реакқиясы мүлде көрінбейді немесе әлсіз байқалады (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Өте ауыр дәрежелі (4-ші) сәулеленуде аурудың жасырын кезеңі болмайды. Бірден аурудың белгілері біліне бастайды, асқазан мен ішек қызметі және қан айналым бұзылады. Аурудың 2-ші аптасында науқастың өлуі мүмкін (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Рентген Х сәулесін ашқаннан кейін сәулелену салдарынан теріде өзгерістер болғанын бірнеше ай өткенде байқаған (С.Сұбханбердин, Дәрі – дауа.).
3.терм. Tipi ағзаларға сәуле шығарудың кез келген түрімен әсер ету.
Сәулелену инфрақызыл сәуле шығару (жылулық С.), көрінетін сәуле шығару, күннің ультракүлгін сәуле шығаруы, ғарыштық сәулелермен табиғи және жасанды иондайтын сәуле шығару арқылы жүзеге асады (Қаз. тілі термин. Экология).
Сәулеленудің биологиялық әсері оның мөлшеріне, организмнің түріне, физиологиялық күйіне байланысты болады (Қаз. тілі термин. Экология).