lat: SÁÝLESİZ
сын. 1. Жылт еткен жарығы жоқ, қараңғы.
Құдық іші ешбір сәулесіз қап-қараңғы, сондықтан адамға жер жұтып бара жатқандай қорқынышты сезім пайда болады екен (С.Мұқанов, Есею жыл.).
Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Жүректе оты жоқ,
Адамда ми болмас (Абай, Тол. жин.).
Тамағым міне пышақпенен бауыздасаң,
Дегендей қайтейін мен жауыз болсаң...
Орманның ойсыз-мұңсыз, сәулесіз түкпіріндей,
Даланың жас еркесі тұр, әлі түкті білмей (С.Мәуленов, Найзағай).
2.ауыс. Түйсіксіз, санасыз; ойсыз, биік мақсатсыз.
Жан емеспін сәулесіз де жалынсыз,
Күйге түсіп жүргенім сол сабырсыз.
Қалт жіберіп алмайыншы бір істі,
Деп те ойлаймын дамылсыз (Т.Қызықбаев, Алтай.).
«Тіпті, сәулесіз болмаса, көңіліне бір жақсылық байланар» деген оймен сабыр сақтап бақты («Қазақст. әйелдері»).
Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау?
Бұл ұзамай құриды, сөздің расы.
Николайдың иісі осы елде тұр,
Оңдыра ма сәулесіз өңкей масы. (Ш.Құдайбердиев, Шығ).