lat: SÁÝLETAI
зат.экспр. 1. Сүйіктісіне жігіт тарапынан айтылатын қалқатай мағынасындағы атауыш сөз.
Қалқаның қалтадағы айнасын-ай,
Айнадай екі көзің жайнасын-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Сәулетай, сағындырған қайдасың-ай (Қара өлең).
2. Жігіттің, ер адамның сүйіктісі, сүйген жары.
Төбеден төнген аспан күн мен айы,
«Жұмақтай» жанға жайлы күн райы.
Ақырын жылжып қана көктем келед,
Сықылды жас жігіттің сәулетайы (Қ.Аманжолов, Таңд, шығ.).
Толықсып туып алтын ай.
Арқаның әсем түнінде,
Назданып күліп сәулетай,
Еркелік наз бар үнінде (С.Бегалин, Өлеңд.).