СӘБІЗ ПИРОГІ

lat: SÁBİZ PIROGİ

орыс пирогі. Жіңішке, ұзынша келген, ортасындағы салмасы майда қуырылған және тұздалған сәбіз бен пияздан тұрады. Шығыс Сібір пирогіндегі сәбіз қаймақта езбеленіп піскенше қайнатылады. Балтық жағалауындағы елдерде сәбіз кондитер өнімдеріне, үгітіліл, құмшекер мен жұмыртқа сарысымен араластырылып қамырға қосылады.