СӘЙКЕСУ

lat: SÁIKESÝ

Сәйкес етістігінің қимыл атауы. Әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану, денсаулық ережелеріне толық с ә й к е с у [...] зиянды әрекеттерден қорғану да өзімізге байланысты міндеттерімізден боладыслам энқикл.). Осылайша, қалыптасқан стандартқа орай кейбір елдердің заңнамаларына с ә й к е с у керек. Оның үстіне Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына жақында кіретінін де ұмытпау қажет («Ана тілі»). Бұл конкурстың ең басты өлшемі ғылыми жұмыстың қоғамның қазіргі талаптарына, мұқтажыдықтарына жауап бере алуына, с ә й к е с у, сәйкеспеуіне байланысты ғылыми зерттеудің маңыздылығы, деңгейі, қойылып отырған мәселенің өзектілігі басты назарда болады («Ана тілі»).