СӘЙКЕС

lat: SÁIKES

е т. 1. Сай түсу, үйлесе кету. Біз бұрын бірімізді біріміз білмейтіні-мізге қарай әңгімеміз бірден с ә й к е с е кеткенін аңғармай да қалыппыз («Қаз. әдеб.»). 2. Үйлесу, үндес, бағыттас, сарындас болу. Мақсатты көрсеткіштер өте жақсы қол жеткізілген және көптеген салалар мақсатқа с ә й к е с е д і («Алтын орда»). 3. Бір-бірімен бірдей болу, бір-біріне дөп келу. Атаулар с ә й к е с і п қалған жағдайда Сізге қалауыңызға сай топтың атауына оның нөмірінің соңғы төрт таңбасын қосу ұсынылады (мысалы, «footbal1234»); егер мұндай комбинақия да бос болмаса, еркін комбинақия құрайтын кез келген 4 сан ұсынылады («Алматы ақшамы»). 4. Қандай да бір үлгіге, талапқа сай болу, соған жауап беру. Осы үлгімен қазір толығымен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қысқартқанымыз тек олимпиада қалашықтары мен баспасөз орталықтары, бірақ қонақ үйлер стандарттарға с ә й к е с е д і. Азия олимпиада комитетімен қонақ үйлерде орналастырамыз деп келістік («Алматы ақшамы»).