СӘЙКЕСТЕНДІРУ

lat: SÁIKESTENDİRÝ

Сәйкестендір етістігінің қимыл атауы. 1. Үйлестіру, лайықтандыру. Сәкен түр іздегенде, сол түрді алып отырған мазмұнына с ә й к е с т е н д і р у г е тырысатын адам (С.Мұқанов, Өсу жол.). Күріш өсірудің тәжірибесін ғылым айтқан негізге с ә й к е с т е н д і р у керек деген сөзді біздің ауылда тұң-ғыш рет Мұстафа айтты (Ы.Жақаев, Менің бақытым). Жаңашылдық дегеніміз не нәрсені болсын осы заманғы нормалар мен стандарттарға с ә й к е с т е н д і р у болып шығады (Н.Ә.Назарбаев, Ғасырлар тоғысында). 2. ж а ң а. <лат. identikus> Бірегейлендіру, анықтау. Тағайындалған с ә й к е с т е н д і р у ш і және сыныптауыш кодтары жөнінде ақпараттарды сіз статистика департаменті мекенжайы «бір терезе» қызметіне тікелей хабарласу арқылы ала аласыз («Егемен Қазақстан»). 3. х и м.ат. udentikus> Белгісіз бір қосылыстың басқа белгілі бір қосылыспен ұқсастығын анықтау. С ә й к е с т е н д і р у үшін екі заттың физика-химиялық константаларын, қасиеттерін және қатысатын реакқияларын салыстырады (Қаз. тілі термин. Химия).