СӘН

lat: SÁN

з а т. 1. Әдемі, жарасымды өң беріп, жайнатып жіберетін көрік, ұнасым, келісім, жарасым. Сәлімдердің оқитын класына кіргенде Ақық әжей кең, жарық бөлменің ішкі с ә н і н е сүйсіне қарады (Н.Ғабдуллин, Сар жапырақ). Сапырған сарыжайлауда сары қымыз, Сауға с ә н, ауыруға дәрі қымыз, Салтанат сауық құрып сайрандайық Сөнгенше бұл өмірден жарығымызара өлең). Алтын кемер белге с ә н, асыл жиһаз елге сәнақал) 2. Қоғамдық ортада белгілі бір кезеңдегі әдеміліктің көрінісі ретінде қалыптасқан дағды мен талғамның жиынтығы. Түсі Абайға ұқсаған, с ә н м е н киінген ақсұр сұлу келіншек жастықтар әкеп қойды (М.Әуезов, Абай). Ауыл бозбалаларының жаздыкүні қисық жаға көйлектің сыртынан шашақты сарғыш жібек белбеу буынып жүруі с ә н болатын ол кезде (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Бұл етікті өте жұмсақ былғарыдан әшекейлеп тігілетіндіктен шығыс әйелдері с ә н г е киетін (Сегалин, Шоқан асу.). Торықпа, Құрдасым-ау, жасың жетпей, Қорықпа бір жігітке ғасыр көптей. Ақ шашты серіге с ә н мода дейді, Мойыма жүректегі асыр кетпей (К. Салықов, Жезкиік.). 3. Әдемілік, көркемдік, сәулеттілік. Бозбалалық Қыз қарадық, Қалжың, әзіл сөйлестік. Ат жараттық, с ә н тараттық. Әуейілік, күйлестік (Абай, Тол. жин.). 4. ө н е р.ранқ. mode> Киімге, үй жасауына және т.б. қатысты белгілі бір ортада, белгілі бір уақыт кезеңінде қайсыбір талғамның үстем болуы. С ә н киім кию, шаш қою, үй жасауы стилімен ғана шектелмей, өмірдің өнер, әдебиет, техникалық өндіріс секілді көптеген салаларын қамтып, ауқымы анағұрым кеңейетін жағдайлар жиі боладыаз. тілі термин. Педагогика.). С ә н тұлғаның белгілі бір топқа ену әдісі, осы арқылы ол, әсіресе жастар топтың қарекетіне жедел ортақтасадыаз. тілі термин. Педагогика.). 5. а у ы с. Биік мән, зор мағына, ерекше қадірасиет. «Жиһан деген не нәрсе? Алақанның ауданы!» Бір ауданға көп тәңірі Болудың тіпті жоқ с ә н і (М.Жұмабаев, Шығ.). Ал, қазақ, малың да көп, сәнің де көп, Осынша болдық екен неге еріншек? Қомсынып қорлайды-ау басқа халық, Өстір ме едік өнерді көп үйренсек? (Ә. Найманбаев, Шығ.). Істес болдың жасыңнан Жоқпенен де, бармен де. Ояз болып, би болып, Топты жардың с ә н м е н деақтыбай ақын // Жел қобыз). 6. Жай таптырар көңіл хошы, рақат. Сарыағашта сары күз, Кемпіршуақ с ә н і м і з. Көп сарғайтпай кездесті Сары тоқаш сары қыз. (К. Салықов, Жезкиік.). Бір бидай әнім, Жоқ сенсіз с ә н і малық әндері). 7. а у ы с. ж а ғ ы м с ы з. Сиқы, тұрқы. Алды-алдына кетеді, Қосылмайды әндері, Құлағынан өтеді, Құр айғай салған с ә н д е р і (Абай, Тол. жин.).