СӘНДІ

lat: SÁNDİ

с ы н. Көркі келісті, әдемі, әсем. С ә н д і киімді Ғазиза кіргенде үйдің ішіне айрықша көрік, жарастық белгісі бірге кіргендей болды (М.Әуезов, Қараш.). Жаулықты биік салынатын, с ә н д і киінетін Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен де ұнайтын еді (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Сұлтан үстіне жібек түкті с ә н д і бұқар кілемі жабылған төрдегі үлкен сандыққа барып отырды (I.Есенберлин, Қаһар). Көргеннің көзі тойғандай, Топты ортадан ойғандай, Сәулетіңнің сағымы Бұтағына шынардың Күнді әкеп іліп қойғандай Сәндісің, жаным, сәндісің, Сән салмақ сені азапқа (Д.Бабатайұлы// Замана.). // Әдемілеп, әшекейлеп. Сауда орталықтарын мәдени-көпшілік мекемелерімен орайлас біріктіре салу ұтымды. Мұның өзі халықтың көптеп келуіне және оларға әр тарапты қызмет көрсетуге, сонымен бірге қала құрылысын неғұрлым әсем де с ә н д і жүргізуге жағдай жасайды (Қаз. тілі термин. Тамақ.).